Харьковте түнгі дрондар шабуылынан жеті адам қаза болды, үшеуі – бала. Бұл жөнінде облыстық әкімшілік жетекшісі Олег Синегубов мәлімдеді.
Оның сөзінше, бір үйден 7 және 4 жастағы бала, бір нәресте және екі ересектің денесі табылған. Тағы бір үйден екі адамның денесі табылды. Үш адам зардап шеккен деп айтылады.
Харьков мэрі Игорь Тереховтің айтуынша, ресейлік дрондар жанар-жағармай станцияларына соққы жасап, соның нәтижесінде өрт шыққан. Өрт аумағы - 3700 шаршы метр. Зардап шеккендер іздестіріліп жатыр. 15 тұрғын үй өртенген, 50 адам эвакуацияланды, арасында екі бала бар.
Оның сөзінше, ресейлік дрондар жанар-жағармай станцияларына соққы жасап, соның нәтижесінде өрт шыққан. Өрт аумағы - 3700 шаршы метр.
Одесса облысында дрондардың шабуылынан төрт адам зардап шеккен.
Украина әуе күштерінің мәліметінше, 10 ақпанға қараған түні Ресей Украинаға 31 дрон жіберген. 23 дрон Одесса және Харьков облыстарында атып түсірілген.
Ресей қорғаныс министрлігі өз кезегінде 10 ақпанға қараған түні Брянск облысында үш дрон және Қара теңізде "экипажсыз бір катер" атып түсірілгенін хабарлады. Ресей қорғаныс министрлігі бұған украин әскерін айыптады.