Алматыда екі балдық жер сілкінісі сезілді

15 ақпанда таңертең Алматыда екі балдық жер сілкінісі сезілді, деп хабарлады төтенше жағдай миинистрлігінің баспасөз қызметі.

Сейсмикалық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы сағат 9:52-де жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады. Жер сілкініс ошағы Алматының оңтүстік-шығысына қарай 260 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Зілзала эпицентрі 5 шақырым тереңдікте орналасқан. Энергетикалық классы – 11,6.

Алматыда екі балдық жер сілкінісі сезілді.

Сейсмологтар бұл 23 қаңтарда түнде болған жер сілкінісінің афтершогы екенін айтып отыр.

Төтенще жағдай министрлігі тұрғындарды байбалам салмауға, сабырлыққа шақырды.