Ресейлік басылымдар мен телеграм-каналдар Белгород қаласы атқыланғанын хабарлады. Ақпаратты Белгород облысының билігі де растады.
Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков Белгород қаласын атқылаудан алты адам қаза тапқанын, 18 адам жараланғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, қаза болғандар арасында бір бала, жараланғандар арасында бес бала бар.
Белгородтағы "Пепел" телеграм-каналы жараланған үш адамның жағдайы ауыр деп жазды.
Желіде атқыланған сауда орталығының фото мен видеолары тарады. Бұған қоса, бір снаряд стадионға түскені айтылады.
Ресей қорғаныс министрлігі Белгород облысының аспанында Украина әскерінің Vampire жүйесінен жіберген 14 ракетаны атып түсіргенін хабарлады.
Украина билігі де Белгородқа шабуыл жайлы ештеңе демеді.
30 желтоқсанда Белгород қаласы атқыланып, 20 адам қаза тапқан. Ресей бұған Украинаны айыптаған еді.
Ресейдің Белгород облысы Украинаның Харьков облысымен шектеседі. Кеше, 14 ақпанда Харьков облысындағы Великий Бурлук ауылында ракета екіқабатты үйге түсіп, төрт адам қаза тапқаны хабарланған.