Еуропа одағы құны 100 миллиард еуроға тең еурооблигация шығарып, одан түскен қаржыны қорғаныс өнеркәсібіне жұмсауы тиіс. Бұл жөніне Эстония премьер-министрі Кая Каллас айтты деп хабарлайды Bloomberg.
Эстония премьер-министрінің сөзінше, Еуропа одағы қорғаныс саласын дамытуға тиіс және Еуропа мен әлем қорынан Украинаға қару-жарақ жеткізуге арналған ұзақ мерзімді келісімшарт жасауы керек. Каллас Ресейден төнетін қауіпті Еуропа елдерінің бәрі бірдей сезініп отырған жоқ деп мәлімдеді.
Bloomberg мәліметіне қарағанда, эстон премьер-министрінің мәлімдемесін Франция президенті Эммануэль Макрон мен Еуропа кеңесінің басшысы Шарль Мишель қолдаған. Агенттіктің пікірінше, Германия сияқты елдер мұндай бастамаға қызығушылық танытуы екіталай.
Еуропа сыртқы саясат ведомствосының басшысы Жозеп Боррель қауіпсіздік мәселесіне байланысты Мюнхен конференциясында сөйлеген сөзінде Украинаның майдан алаңындағы жағдай үш айдың ішінде шешілуге тиіс екенін мәлімдеген, бірақ егжей-тегжейін айтпаған. Боррель Еуропа кеңесі батылырақ қимылдауы қажет деп санайды.
Мюнхен конференциясында Владимир Зеленский Украина әскеріндегі қару-жарақ тапшылығы, артиллерия мен орта қашыққа ұшатын зымыран жеткіліксіздігі - Ресей президенті Владимир Путинді күшейте түседі деп мәлімдеді.