Ресей тергеу комитеті Навальныйдың сүйегі "14 күннен кейін берілетінін" айтқан

Алексей Навальныйдың сүйегін әкетіп бара жатуы мүмкін кортеж.

Ресей тергеу комитетінің өкілдері Алексей Навальныйдың анасы мен адвокаттарына саясаткердің мәйітін химиялық экспертизаға жібергендерін, бұл экспертиза 14 күнге созылатынын айтқан. Бұл туралы 19 ақпанда Навальныйдың баспасөз хатшысы Кира Ярмыш хабарлады.

16 ақпанда түрмеде көз жұмған оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың анасы мен адвокаттары бірнеше күннен бері оның сүйегін ала алмай жүрген. Саясаткердің сүйегі Ямал-Ненец автономды округіндегі Салехарда қаласындағы мәйітханада екені айтылған.

Бүгін, 19 ақпан таңертең Алексейдің анасы мен адвокаттары мәйітханаға барғанымен, олардың кіргізбегені хабарланған. Сот-медициналық сараптамаға сілтеген "Агентство" сайты "адамның өлгені туралы қорытындыны мәйіт тексерілген соң бір ай ішінде береді, егер оба, тырысқақ секілді жұқпалы ауру табылса, мәйіт туыстарына берілмеуі де мүмкін" деп жазды.

Бұған дейін "Медиазона" Алексей Навальныйдың сүйегін 17 ақпанда түнде Салехардқа апаруы мүмкін кортеж бен полиция көліктерін камера арқылы көргенін хабарлаған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Cұхбат: Путин Батыс елдерімен жауласамын деп стратегиялық қателік жіберді Юлия Навальная күйеуінің жолын жалғастыруға уәде бердіЖемқорлыққа қарсы бітіспес күрескер және Кремльдің ашық жауы. Алексей Навальный кім еді?