Ресейдің Екатеринбург қаласының соты Лос-Анджелес тұрғынын "мемлекетке опасыздық жасады" деген күдікпен ұстаған. Бұл жөнінде Ресей федералды қауіпсіздік қызметі хабарлады.
Федералдық қауіпсіздік қызметі ақпаратына қарағанда, 33 жастағы күдікті Ресей мен АҚШ-тың азаматы. 2022 жылдың ақпанынан "украин ұйымдарының мүддесі үшін" ақша жинаған. Қаржы "Украина қарулы күштеріне көмекке берілген" және "Киев режимін қолдап, АҚШ-та бірнеше рет акцияға қатысқан".
Ресей заңының "мемлекетке опасыздық жасау" бабы бойынша күдікке ілінген адам өмір бойына бостандығынан айырылуы мүмкін.
- "Первый отдел" мәліметіне қарағанда, 2023 жыл "мемлекетке опасыздық жасау" бабы бойынша ұсталғандар саны рекорд деңгейге жеткен. Ресми мәлімет бойынша, 63 қылмыстық іс сотқа түсіп, 33 іс бойынша үкім шыққан. Құқық қорғаушылар биыл одан да көп болуы мүмкін деп болжап отыр.