21 ақпанда Қазанда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесті.
Бішкектің ресми мәліметінше, олар екі елдің қарым-қатынасын одан әрі нығайту мәселесін сөз еткен. Путин қырғыз билігіне "орыс тіліне көңіл бөліп жатқаны үшін" ризашылығын білдірген.
Ресейдің мемлекеттік ақпарат құралдары Жапаров Путинге алдағы президент сайлауына сәттілік тілегінін жазды.
Жапаров 21 ақпан - 3 наурыз аралығында Татарстанда өтетін "Болашақ ойындары" спорт жарысының ашылу рәсіміне қатысу үшін Қазанға барған.
Кремль ұйымдастырып жатқан бұл шараға ТМД елдерінен, Оңтүстік-Шығыс Азия, Латын Америка және Африка елдерінен 277 команда қатысатыны хабарланған.
Халықаралық басылымдар Ресей спортшыларына Парижде өтетін олимпиада орнына "Болашақ ойындарын" ұйымдастырып жатқанын жазған. Мәліметке қарағанда, оған 10 миллион доллар қаржы бөлінген.
Путин бұл шараға ТМД елдерінің басшыларын шақырған.