"Видеодәлел бар, күдікті жоқ". Журналиске шабуыл ісі неге созылып кетті?

Your browser doesn’t support HTML5

Былтыр жазда қарағандылық журналист Диана Сапарқызы ҚазТАГ агенттігінде жұмыс істеп жүргенде "Арселор Миттал Теміртау" компаниясы күзетшілерінің шабуылына ұшыраған. Ол әлі күнге дейін кінәлілер жазасын алмағанына наразы. Қылмыстық іс бір рет жабылып, қайта қозғалған. Журналистің сөзінше, видеодәлел бар, бірақ күдікті жоқ.