Зеленский Рим папасының ұсынысына қатулы жауап берді

Украина президенті Владимир Зеленский мен Рим папасы Франциск Ватиканда. 2023 жылғы мамыр

Украина президенті Владимир Зеленский 10 наурыздағы кешкі видеоүндеуінде Киев пен Мәскеуді келіссөзге отыруға шақырған ұсынысқа қатулы жауап берді. Мұндай ұсынысты соның алдында Рим папасы Франциск білдірген.

"24 ақпанда зұлым Ресей осы соғысты бастағанда, украиндардың бәрі қорғанысқа шықты. Христиан, мұсылман, яһуди — бәрі. Мен әскермен бірге қорғаныс күштерінде болған әрбір украин дін қызметкеріне алғыс айтамын. Алғы шепте өмір мен адамгершілікті қорғап жатыр", — деді Зеленский. — Дұға, әңгіме және іспен қолдау. Шіркеу адамдармен бірге деген осы. Екі жарым мың шақырым жерде өмір сүргісі келетіндер мен сені құртуды көздейтіндер арасында виртуалды араағайындық ету емес".

Украина президенті қолында қаруы бар украиндер Еуропаны "ресейлік кісі өлтірушілер мен қапастан" қорғайды деп мәлімдеді. "Бір кездері Украинада ақ қабырғалы үйлер мен шіркеу көп болды, қазір олар ресейлік снарядтардан өртеніп, қираған", — деді Украина президенті. — Бұл соғысты тоқтатуға кімнің тоқтауға тиіс екенін айқын көрсетіп тұр".

Зеленский жауабынан бір күн алдын Швейцарияның RSI арнасы Франциск сұхбатынан үзінді жариялады, онда ол Киев пен Мәскеу арасындағы келіссөздерге көптеген ел араағайын болуды ұсынатынын айтқан. Ол келіссөздерге келісім беруді ұсынды.

"Жағдай ушыққанға дейін келіссөз жүргізуге ұялмаңыздар, – деді ол. – Келіссөз — тізе бүгу емес. Бұл елді өзін өлтіруге жеткізбейтін ерлік", деді Франциск.

Бұл сөзге Киев пен бірқатар еуропалық саясаткер дереу реакция танытты. Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Х әлеуметтік желісінде былай деп жазды: "жақсылық пен жамандық арасындағы ұрыста "келіссөз" деп оларды теңестіруге тырыспай, жақсылық жағына шыққан адам ең мықты болады". Ол Францискке бейбітшілік үшін дұға еткеніне алғыс айтып, Киевтің Рим папасы сапарына үміттенетінін жеткізді.

Польша СІМ басшысы Радослав Сикорский де Х-те пікір қалдырды: "тепе-теңдік үшін Путинді батыл болуға оятып, әскерін Украинадан шығаруға шақырса қалай? Сонда бейбітшілік келіссөздерсіз-ақ бірден орнайды".

Латвия президенті Эдгар Ринкевич "зұлымдық алдында берілмеу керек, онымен күресіп, зұлымдық ақ туды көтеріп, берілу үшін оны жеңу қажет" деп жазды. DW Францисктің сұхбатын бірнеше неміс саясаткері сынға алды деп хабарлады.

  • Украина елдегі ең үлкен украин православие шіркеуінің дін қызметкерлерін әскер қатарына жібермейді. Этносаясат және ар-ождан бостандығы жөніндегі мемлекеттік қызмет басшысы Виктор Еленский 2023 жылғы мамырда ұлттық телемарафон эфирінде дін қызметкері мұндай қызметке қосылмас бұрын украин православие шіркеуінен шығуы керек деп мәлімдеді. Украина билігі шіркеуді Мәскеумен ынтымақтастық жүргізеді деп айыптайды.
  • Тамызда украин БАҚ-тары 738 дін қызметкер лауазымында шамамен 150-165 орын бос емес екенін хабарлады