Еуроодақ делегациясы, Канада, Франция, Германия, Ұлыбритания және АҚШ Жогорку кеңеште "Шетел өкілдері туралы" заң жобасының қабылдануына алаңдаушылық білдірді.
Бірлескен мәлімдемеде заң жобасы үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына қауіп төндіретінін айтып, бұл халықаралық талаптарға қайшы деп атап өтті.
"Егер заң жобасы дәл осындай күйде қабылданатын болса, онда азық-түлік, медицина және білім алуға мұқтаж халыққа кері әскерін тигізеді", - делінген мәлімдемеде.
Олар Қырғыз президенті Садыр Жапаровтан заң жобасын қайта қарауды сұрады.
14 наурызда Жогорку кеңес депутаттары "шетел өкілдері туралы" заң жобасын үшінші оқылымда мақұлдады.
Заң жобасын 66 депутат қолдады, 5 депутат қарсы шықты.
Шетел өкілдері" туралы заң жобасын 30 депутаттан құралған топ әзірлеген. Заң жобасы жарияланғаннан кейін құжат сынға ұшырап, депутаттардың біраз бөлігі қолдарынан бас тартқан. Заң жобасын белсенді қолдаған депутат Надира Нарматова үкіметтік емес және коммерциялық емес ұйымдар жыл сайын грант алып, оны неге жұмсап жатқаны жөнінде есеп бермейтінін алға тартқан.
Жергілікті белсенділер, үкіметтік емес ұйымдар және халықаралық ұйымдар заң жобасын талай сынаған. Human Rights Watch (HRW) ұйымы да Бішкекті заң жобасын кері қайтаруға үндеген.
Еуроодақ мұндай заң қабылданған жаңдайда Қырғызстан халықаралық донорлардан айырылып қалуы мүмкін екенін ескерткен.