Исландияның оңтүстігінде Рейкьянес түбегіндегі жанартау тағы бір атқылап, төтенше жағдай режимі енгізілді. Бұл — былтыр желтоқсан айынан бері болған төртінші жағдай.
Сарапшылардың айтуынша, жанартау кейінгі айларға қарағанда бұл жолы қатты атқылаған. Жергілікті БАҚ жанартаудан шыққан лава тұрғын халқы көшірілген Гриндавик қаласының шығыс жағына жеткенін хабарлады. Бұдан бөлек, геотермалды курорт пен Исландияның ең танымал туристік орындарының бірі "Көгілдір лагунадан" адамдар көшірілген.
BBC медиасының жазуынша, елдің әуе кеңістігі әзірге ашық тұр.
Исландияның азаматтық қорғау басқармасы лава атқылауына байланысты дайындық жүргізілгенін хабарлады. Лава жергілікті инфрақұрылымға зиян тигізуі мүмкін деген қауіп бар.