Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы прокуратурасы осы аудандағы Щербаков бөгетінің жарылуына байланысты "Салғырттық" бабымен қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы облыстың прокуратурасы хабарлады.
Қазір тергеу жүргізуді ұйымдастыру үшін қылмыстық іс сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыо агенттігінің Ақтөбе облысындағы департаментіне жіберілген.
29 наурызда кешке Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында Щербаков шлюзінде "сызат пайда болып", Талдысай мен Жүргенов ауылдарынан 149 адам эвакуацияланған. Бұл жөнінде төтенше жағдай министрлігі хабарлады.
Көп ұзамай сағат 21:40-та бөгет жарылып, Жүргенов ауылы шетіндегі Ырғыз өзеніне су ағылған. Екі ауылда эвакуация жарияланып, 178 үйден 927 адам (215-і – бала) басқа шаққа көшірілген. Тасқын салдарынан 78 үйді су бсаып, 10 үй қирағаны хабарланған.
Электр және газбен жабдықтау желілері зақымданып, Жүргенов ауылы жарықсыз, сусыз және газсыз қалған. Щербаковское бөгеті "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғи ресурстарды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесіне қарайды.