НАТО мамандары Өзбекстанның қорғаныс министрлігіне қарайтын жас мамандарды даярлау орталығының курсанттары үшін оқу-жаттығу өткізіп жатыр. Бұл жөнінде Өзбекстан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ақпаратқа сәйкес, НАТО мамандары аталған орталықтың техникасымен, оқу базасымен танысқан.
"Орталықта оқып жатқан курсанттар үшін НАТО-ға мүше елдердің сержанттарды дайындау бойынша бірқатар тренингтер ұйымдастырып, бұл тақырып бойынша өзара пікір алмасу болады. Бірлескен жаттығулар 20 сәуірге дейін жалғасады" - деп хабарлады қорғаныс министрлігі.
Өзбекстан НАТО-мен әскери кадрларды дайындау бойынша терроризмге және басқа да халықаралық қауіптерге қарсы бағытталған "Бейбітшілік үшін даму" бағдарламасы аясында әріптестік орнатқан. Тараптар 1996 жылы ынтымақтастықтың алғашқы бағдарламасын бекіткен.