Қазақстанда кәсіп жүргізіп жатқан миллионер Михаил Ломтадзе Англияның бірінші лигасында ойнайтын "Уикомб Уондерерз" клубының 90 пайыз акциясын сатып алып, осы командасының негізгі иесі болды. Бұл туралы ВВС сайты хабарлады.
Kaspi Bank басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе Forbes журналының ауқатты адамдар тізімінде 581-орында тұр. Қазақстанда кәсіп жүргізетін Грузия азаматы Ломтадзенің байлығы 5,7 мдрд долларға бағаланған.
"Уикомб Уондерерз" биылғы маусымда бірінші лигада 24 команданың ішінде 10-орын алған. Бірінші лига – Англия футболында деңгейі жағынан премьер лига мен чемпионшиптен кейінгі үшінші турнир. "Уикомб Уондерерз" 2021/22 жылғы маусымда чемпионшипте ойнаған еді.
Ломтадзе бұл команданы америкалық бизнесмен Роб Куигтен сатып алған. Куиг футбол клубын Ломтадзеге толық тапсырып бергенде президент қызметінде қала береді.
Ломтадзенің футбол клубын қаншаға сатып алғаны айтылмады.
Біздің мақсатымыз – команданың қаржылық тұрақтылығын қалыптастырып, алаңда да, алаң сыртында да тұрақты жетістікке жету" деді Ломтадзе.