9 мамырда Башқұрстанның Салават қаласындағы "Салаватнефтеоргсинтез" мұнай кешенінде өрт болды. Ресейдегі Mash және Baza телеграм-арналары дрондар шабуылынан өрт шыққанын жазды. Башқұрстан басшысы Радий Хабиров та дрондар шабуылы болғанын айтты. Алдын ала ақпарат бойынша, шабуылдан зардап шеккен адамдар жоқ.
Украинада соғыс басталғалы Башқұрстанда мұндай оқиға бірінші рет болып тұр. Ресей билігі шабуылдаған дрондар Украинаның аппараттары екенін әлі ресми мәлімдеген жоқ. Украинадан Башқұртстанға дейін мың шақырымды құрайды.
Бұған дейін Украина дрондары Вологод, Нижегород облыстары мен Татарстанға шабуылдағаны айтылған.
9 мамырға қараған түні дрондар Анападағы мұнай базасына шабуылдап, бірнеше резервуар өртенген.
Кейінгі айларда Украинаның дрондары Ресей аумағындағы ондаған мұнай базасы мен мұнай өңдейтін зауыттарға шабуыл жасаған.