Жаңалық ауылындағы жиында кешегі һәм бүгінгі қудалау сөз болды

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстанда бүгін, 31 мамыр — саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Алматы іргесіндегі совет кезіндегі қудалау мен қырғын құрбандары көмілген ауылға бүгін ондаған адам жиналды. Кейбір белсенді тәуелсіз Қазақстанда да саяси қудалау тоқтамағанын айтты.