Ақтауда өрт сөндірушілер бір аптадан бері ереуілдеп тұр

Your browser doesn’t support HTML5

Ақтауда "ҚазТрансОйл" ұлттық мұнай тасымалдау операторының мердігері — "Зевс Энерго" компаниясының жетпіс өрт сөндірушісі жалақыны көтеру талабымен ереуілдеп тұрғанына алты күн болды. Жұмысшылар сөзінше, мекеменің Ақтаудан бөлек Жаңаөзен, Қаражанбас пен Қаламқас кеніштеріндегі өрт сөндірушілер де жұмысқа шығудан бас тартқан.