Меккеге қажылыққа барған мыңнан аса адам көз жұмған. Бұл туралы Agence France-Presse өз есебіне сүйеніп хабарлады. Ақпарат агенттігінің мәліметінше, болғандардың жартысынан көбі – арнайы тікелмей келген адамдар. Олардың басым бөлігі аптап салдарынан көз жұмған.
Кейінгі мәліметтерге сәйкес, ыстықтан Египеттің 658 азаматы, Үндістанның 68 азаматы, Иорданияның 60 азаматы, Пәкістанның 35 азаматы, Тунис 35 азаматы көз жұмған.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы елден барған қажылардың бәрі дін аман деп мәлімдеді.
Басқарманың баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлының айтуынша, Қазақстан қажылық миссиясы құрамында төрт дәрігер және 16 туроператордың әрқайсында бір дәрігерден, жалпы 20 медицина маманы жұмыс істеп жатыр.
Сауд Арабиясы билігі елге 1,5 миллионнан астам қажы келгенін хабарлаған. Мемлекеттік телеарналардың хабарлауынша, Меккедегі ауа температурасы 51 градустан асады.
Сауд Арабиясының денсаулық сақтау министрлігі қажылыққа келгендерді күннен қорғануға, көп су ішуге және күн ысыған кезде шатыр астына жаырынуға шақырады. Бірақ қажылық келгендер Қағба тасын айналу, Арафат тауына шығу кезінде күн астында тұруға мәжбүр.
Аймақтағы зерттеушілер Сауд Арабиясында жаз кезінде күннің қатты ысып кетуі ғаламдық жылынумен байланысты дейді. Сарапшылардың сөзінше, Меккеде әр он жыл сайын күн 0,4 градусқа ысып келеді.