АҚШ ресейлік виза орталығын жауып, ресейлік дипломаттарды салық төлемеу мүмкіндігінен айырғалы жатыр. Ресейдің Вашингтондағы елшілігі осындай хабарлама алған деді Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Анатолий Антонов.
Елшінің сөзінше, Ресейдің Вашингтон мен Нью-Йорктегі виза орталықтары жабылмақ. Бұл Ресей елшілігіне қосымша жүк артпақ деді ол.
"Америкалықтар бүгін ресейлік дипломаттарға қарсы жиіркенішті қадам жасады, <...>. Олар бізден салықтан босататын карталарымызды тартып алды. Мұндай карталар дипломаттарға кез келген елде жергілікті қазынаға салық төлемей тұруға мүмкіндік беретін" деді елші.
Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова АҚШ дегенін іске асырса, Ресей оған "қисынды жауап" қайтаратынын мәлімдеді.
2021 жылдың аяғында АҚШ өз аумағында Ресей дипломаттарында үш жылдық шектеу енгізді. 27 дипломат отбасымен бірге 2022 жылғы 30 қаңтарға дейін, 28 адам сол жылдың 30 маусымына дейін АҚШ-тан кетуге мәжбүр болды. Бұған жауап ретінде Ресей Мәскеуде үш жылдан артық жұмыс істеген АҚШ елшілігі қызметкерлерін елден кетуге міндеттеді.