Дағыстандағы шабуылдан 15 полицей қаза тапқан

Дербент қаласы.

Дағыстанда синагога, шіркеу және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне жасалған шабуылдардан кейін 20-ға жуық адам қаза тапты, оның 15-і – полиция қызметкері.

Қазаға ұшырағандар арасында протоиерей Николай Котельников бар, ол Дербенттегі шіркеуде істеген. Бұл туралы республика басшысы Сергей Меликов мәлімдеді. Дағыстан ішкі істер министрлігі 16 адам зардап шекті деп хабарлады: 13 полицей және үш азамат, оларды да ауруханаға жатқызған.

Махачқала мен Дербентте терроризмге қарсы операция қарсаңында жарияланған белсенді кезең аяқталып, шабуыл жасаған алты адам қаза тапты деп хабарлады Дағыстан басшысы. Тергеу комитеті шабуылға байланысты қылмыстық іс қозғаған.

23 маусымда Дербентте автоматпен қаруланған белгісіз біреулер синагога мен шіркеуді атқылаған. Шабуылдан кейін синагогада өрт шықты. Сол уақытта Дағыстан астанасы Махачқалада белгісіз адамдар жол полициясы қызметіне шабуыл жасаған. Бірнеше сағаттан кейін Дербент маңындағы Сергоқала ауылында да атыс болған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Дағыстандағы теракт бойынша "Единая Россия" бөлімшесінің хатшысы ұсталды

Мемлекеттік ТАСС ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Дағыстандағы Сергокалин ауданы басшысы Магомед Омаровтың екі ұлы – Осман мен Әділ шабуылға қатысқан. "Интерфакс" сайты шабуылда Омаровтың жиені де болды деп жазды. Агенттіктің дереккөзі үшеуі де өлді деп хабарлады. Шабуылдан кейін ұсталған Магомед Омаровтан федералды қауіпсіздік қызметі (ФСБ) жауап алып жатыр.

24-26 маусым күндері Дағыстанда Махачқала мен Дербентте қаза тапқандарды аза тұтады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Дағыстанда бір топ адам шіркеу мен синагогаға шабуылдады. Қаза тапқандар бар