Президент қазақ БАҚ-қа кең форматта қашан сұхбат береді?

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 28 маусым баспасөз күні қарсаңында журналистерді "ақиқат сөз бен әділ істің жақтаушысы" деп атап, ондаған тілшіге Ақордада марапат тапсырды. Кейінгі бес жылда жекелеген телеарна мен газеттерге санаулы сұхбат беріп, қысқа брифингтерде кездесіп жүрсе де оның өзі мен көмекшісі бірнеше рет уәде еткендей БАҚ өкілдерінің басын қосып, еркін форматта кең көлемді баспасөз жиынын ұйымдастырған жоқ.