Ресей президенті Владимир Путин мен Беларусь елінің авторитар лидері Александр Лукашенко Астандағы 3-4 шілде аралығында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммиті аясында кездеспек. Бұл туралы Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров "Беларусь-1" арнасына хабарлаған дейді ТАСС.
"[Кездесу] жоспарланған. ШЫҰ саммиті кездесетін орын екені анық қой" деген Лавров.
Астана 3-4 шілде аралығында өтетін ШЫҰ саммитіне Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Пәкістан, Үндістан және Иран басшылары қатысады.
Мамыр айының соңында Кремль "Путин Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесіп, саммит жайлы ақылдасқанын" хабарлаған. Ақпаратқа қарағанда, саммитте Беларуське ШЫҰ-ға мүше ел статусын беру мәселесі талқыланған. 2015 жылы Беларусь ұйымның бақылаушысы статусына ие болған.