Росфинмониторинг Иваново қаласының тұрғыны 14 жастағы Глеб Синицынды "террористер мен экстремистер" тізіміне қосты. "Холод" сайтының есептеуінше, ол – Ресей билігі осындай статус берген 79-жасөспірім.
Синицыннан бөлек, тізімде 15 жастағы үш жасөспірім бар: Калугадан Руслан Валиулин, Санкт-Петербургтен Егор Лаускис және Кемереводан Артем Ляшенко.
Росфинмониторинг тізімінде 16 жастағы - 16 жасөспірім (2008 жылы туған), 17 жастағы – 17 адам (2007 жылы туған), 18 жастағы 49 жасөспірімнің (2006 жылы туған) аты-жөні бар.
Тізімге енгізілген жасөспірімдердің басым бөлігі "терроризм" және "экстремизм" баптары бойынша сотталған немесе тергеліп жатыр. Мысалы, кейбірі темір жол нысандарын өртегені үшін сотталған. Айталық, 2023 жылы жазда 14 жастағы Егор Лаускис "украиндардың тапсырмасымен" релелік шкафты өртегені үшін жасөспірімдерге арналған түрмеге жіберілген.
Бұған дейін "Новая газета Европа" басылымы 2024 жылдың үш айында Росфинмониторинг "террористер мен экстремистер" тізіміне 669 адамды қосқанын, бұл 2019 жылдан бергі ең жоғарғы көрсеткіш екенін жазған.
Росфинмониторинг "террористер мен экстремистер" тізімін 2001 жылы жасай бастаған. 2013 жылдан бері тізімге енген адамдар мүлікке қатысты қаржы операцияларын жасай алмайды, олардың банк карталарын пайдалану құқығы шектеледі. Мысалы, жалақы алғанда арнайы өтініш жазып, тек 10 мың рубль ғана ала алады.