12 шілдеде Мәскеу облысындағы Коломной қаласының маңында "Сухой Супержет" жолаушылар ұшағы құлады. Ұшақ бортында экипаждың үш мүшесі болған, жолаушылар болмаған. Экипаж мүшелерінің бәрі қаза тапқаны айтылады.
ТАСС агентігінің ақпаратынша, ұшақ жоспарлы жөндеуден соң ұшқан. Борт Внуководағы Луховицах авиация зауытынан ұшып шыққан. Baza сайтының жазуынша, ұшақ құлағанға дейін экипаж апат дабылын шағып, жанармайды жағу үшін бірнеше айналым жасауға тырысқан. Бірақ үшінші айналымды бастаған кезде құлаған.
Құлаған лайнер – 2014 жылы шығарылған "Сухой Супержет 100" ұшағы – "Газпром Авиа" компанисына тиесілі болғаны айтылады.
- Мәскеу Украинаға соғыс ашқан соң АҚШ, Еуропа одағы және Батыстағы басқа да елдер Ресейге ұшақтарға қажетті жабдықтарды жіберуден және ұшақтарға техникалық қызмет көрсетуден бас тартқан. Қазір Ресейдің азаматтық авиациясында қажетті саймандар жетпей жатыр.
- 2019 жылы Ресей шетелден келетін саймандарсыз "Сухой Супержет New" ұшақтарын жасай бастағанын мәлімдеген.