Венгрия мен Словакия Еуроодаққа Украинаны Ресейдің "Лукойл" компаниясынан Шығыс Еуропаға мұнай тасымалдауды қайта бастауға көндіруге көмек сұрады деп жазды "Европейская правда" басылымы.
Маусым айында Украина билігі "Лукойлға" санкцияларын күшейтіп, "Дружба" құбырынан мұнай жеткізе алмайтындай қылған.
Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Венгрия сыртқы істер министрі Петер Сийярто ортақ мәмілеге келе алмаған жағдайда Украинаны сотқа беретінін айтып сес көрсеткен. Ол Украина билігі өз ісімен Еуроодаққа мүше 27 елмен қауымдастық туралы келісімді бұзып отыр, Венгрия мен Словакия экономикаларына зиян келтіріп жатыр деп санайды.
Bloomberg мәліметінше, Венгрия "Лукойлдан" жылына шамамен 2 млн тонна мұнай алады, бұл оның жалпы импортының үштен біріне тең, ал Словакия шамамен 2,5 млн тонна мұнай алады, бұл импорттың 45 пайызына тең.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Еуропа Ресей газына тәуелділіктен қашан құтылады?