Қазақстанның жазғы олимпиададағы 14 алтыны

Данияр Елеусінов Рио-2016 олимпиадасында бокстан 69 келіде чемпион атанды. 

Дмитрий Баландин Рио-2016 олимпиадасында 200 метрге брасс әдісімен жүзуден алтын медаль иеленді. 

Жеңіл атлет Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден Лондон-2012 олимпиадасында топ жарды. Рыпакова Пекин-2008 олимпиадасының күміс, Рио-2016 олимпиадасының қола жүлдегері. Ол - олимпиадада ең көп медаль алған қазақстандық спортшы. 

Александр Винокуров велоспорттан Лондон-2012 олимпиадасында топтық жарыста чемпион атанды. Ол Сидней-2020 олимпиадасында күміс медаль иеленген еді. 

Бокстан Серік Сәпиев Лондон-2012 олимпиадасында 69 келіде чемпион атанды. 

Боксшы Бақыт Сәрсекбаев Пекин-2008 олимпиадасында 69 келіде чемпион болды. Бұл салмақта Қытай қазағы Қанат Ислам (сол жақта бірінші тұр) қола медаль иеленді. 

Ресейден келген ауыр атлет Алла Баженина - 75 келіде Пекин-2008 олимпиадасының чемпионы. Баженина олимпиада кезінде күміс медаль алған еді. Кейін чемпион болған қытай атлеті Цао Лэйдің анализінен допинг табылып, алтын медаль Баженинаға берілген. 

Боксшы Бақтияр Артаев Афина-2004 олимпиадасында 69 келіде чемпион болды. Қазақстан 2004, 2008, 2012, 2016 жылғы олимпиадада 69 келіде алтын алды. Жанкүйерлер арасында 69 келі "қазақтың салмағы" деген сөз бар. 

Бокстан Бекзат Саттарханов 57 келіде Сидней-2000 олимпиадасының чемпионы болды. Ол кезде боксшы 20 жаста еді. 2000 жылы желтоқсанда Бекзат Шымкент маңында жол апатынан қаза тапты. 

Боксшы Ермахан Ибрагимов (ортада қолын көтеріп тұр) Сидней-2000 олимпиадасында 71 келіде алтын медаль алды. 

Жеңіл атлет Ольга Шишигина 100 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Сидней-2000 олимпиадасында чемпион атанды. 

1996 жылғы Атланта олимпиадасында грек-рим күресінен Юрий Мельниченко 57 келіде чемпион болды. 

Боксшы Василий Жиров 81 келіде Атланта-1996 олимпиадасында топ жарды. 

Қазіргі бессайыстан Александр Парыгин Атланта-1996 олимпиадасында чемпион атанып кетті. Кейін ол Австралия азаматтығын алып, Афина ойындарына осы елдің атынан қатысып, жүлдеге іліне алмады. 

Сонымен Қазақстанда жазғы олимпиада ойындарының 14 алтын медалі бар. Қазақстан допинг дауына байланысты алты алтын жүлдені қайтарып беруге мәжбүр болды. Ауыр атлет Илья Ильин (суретте) допинг қолданды деп айыпталып, Пекин және Лондон олимпиадасының алтынын қайтарды. Ауыр атлеттер Зүлфия Чиншанло, Мая Манеза (екеуі де Қытайдан келген), Светлана Подобедова (Ресейден келген) Лондонда алған алтындарынан айырылды. Сондай-ақ тағы бір ауыр атлет Нижат Рахимов (Әзербайжаннан келген) "допинг ережесін бұзды" деп айыпталып, Рио олимпиадасында алған алтынын берді. 

Париж олимпиадасы қарсаңында Азаттық Қазақстаннан шыққан олимпиада чемпиондары жайлы ақпарат ұсынады. Қазақстан тәуелсіз ел ретінде жазғы олимпиада ойындарына 1996 жылдан бері қатысып келеді. Содан бері Қазақстанда жазғы олимпиаданың 14 алтын медалі бар. Бірақ Қазақстан допинг дауына байланысты олимпиада ойындарының алты алтынын қайтарып беруге мәжбүр болды.