2024 жылы алты айда Ресей әуежайларынан 3400 тәжік азаматы депортацияланған. 24 шілде күнгі баспасөз жиыны кезінде Тәжікстан азаматтық авиация агенттігінің директоры Хабибулло Назарзода осылай деп мәлімдеді.
"Ресейге кіргізбей, Тәжікстанға қайтару тенденциясы қай кезде қатты байқалды?" деген сұраққа Хабибулло Назарзода наурыздан бері (Мәскеу түбіндегі "Крокус сити холдағы" терактіден кейін алғашқы айларда) байқалғанын айтты. Бұл жөнінде Азаттықтың Тәжік қызметі жазды.
Назарзода бұған "негізінен құжат мәселесі" түрткі болғанын айтып, мәселенің саяси себептері барын жоққа шығарды.
"Мигранттарда тиісті құжат болмағандықтан оларды Ресейге кіргізбеген. Мысалы, кімнің шақырғаны, жұмыс орны белгісіз. Азаматтарымыздың 95–99 пайызы қайда баратынын біледі, алайда көбі шекарада жаңылады: сұрақтарға анық жауап бере алмайды. Сондықтан бұл жерде ешқандай саяси астар жоқ"деді Назарзода.
Мәскеу түбіндегі "Крокус сити холдағы" терактіден кейін Ресейдің кейбір әуежайларында түрлі сылтаулармен тәжік мигранттарын сағаттап ұстап бөгейді, көбін Тәжікстанға қайтарады деп жазды Озоди радиосы. Ресей шекараларында да жағдай осыған ұқсас. 8 шілдеде Мәскеуге Бұқтыр қаласынан барған 59 тәжік азаматы Тәжікстанға қайтарылған еді.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ "Өз тіліңде сыбырлауға да болмайды". Орталық Азия мигранттары үшін Ресейде жүру қиындай түспек