"Единая Россия" партиясы атынан мемлекеттік думаға депутат және парламенттегі ақпарат саясаты комитетінің төрағасы Александр Хинштейн келесі аптаның соңына қарай Ресей аумағында YouTube жылдамдығы 70 пайызға азаятынын мәлімдеді.
Ол бұл жөнінде өзінің телеграм-арнасында жариялады. Хинштейн мұндай қадамға Ресей амалсыздан барып жатқанын, себебі YouTube әкімшілігі "заң талаптарын бұзып жатқанымен түсіндіреді.
"Мұның бәрі Ресейге қарсы жүргізіліп жатқан саясаттың салдары, батыс көзқарасына қайшы келетін біздің қоғам қайраткерлерінің каналдарын негізсіз өшіріп жатыр" деді Хинштейн.
Шілде айының басында YouTube әкімшілігі Ресейдің Украинаға қарсы соғысын ашық қолдаған бірқатар әншілер мен әртістердің арналарын бұғаттаған.
Депутат Хинштейн Youtube жылдамдығының баяулауына Ресей билігінің қатысы барын бірінші болып мойындаған адам. Осыған дейін шенеуніктер еш қатысы жоғын айтып келген.