Украина аумағында 24 дрон атып түсірілді. Қираған нысандар бар

Ресей әскерінің шабуылынан кейін өртеніп жатқан үй. Көрнекі сурет.

3 тамызға қараған түні Ресей әскері Украина аумағына төрт ракета және 29 Shahed дронын жіберді. Бұл жөнінде Украина әуе күштері хабарлады.

Тоғыз облыста 24 дрон атып түсірілген. Биліктің хабарлауынша, ешкім зардап шекпеген.

Винницк облысында түнгі шабуылдан инфрақұрылым нысандары қираған, Днепропетровск облысында жеке үй мен су қубыры бүлінген. Николаев облысында жеке үй ауласында екі қора-жай өртенген.

БҰҰ мәліметінше, 2022 жылы ақпанда Ресей Украинаға басып кіргелі бері он мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза болған, 20 мыңға жуық адам жараланған. БҰҰ сонымен бірге Ресей әскерінің бейбіт азаматтарқа қатысты жасаған қылмысын (дарға асу, азаптау, дөрекі қарым-қатынас жасау, күштеп ұстау) де құжатқа түсірген.