Париж олимпиадасында қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов тұтқалы ат жаттығуында күміс жүлдеге ие болды. Ол жаттығуы үшін 15, 433 ұпай алды. Ирландиялық Рис Маккленаган (15, 533) олимпиада чемпионы атанды. Қола медаль америкалық Стефан Недорошик иеленді - 15, 300.
Бұл – Қазақстанның гимнастикадан олимпиада ойындарында алған ең алғашқы медалі.
Париж олимпиадасында Қазақстан қазірге дейін бір алтын (Елдос Сметов), бір күміс және екі қола медаль еншіледі. Қоланы дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев пен нысана көздеуден Ислам Сатпаев пен Александра Ле командалық жарыста жеңген еді.