Украина бас штабы Севастопольде ресейлік сүңгуір қайық батырылғанын хабарлады

Көрнекі сурет.

Украина бас штабы 3 тамызда украин әскері аннексияланған Қырымда ресейлік сүңгуір қайық пен C-400 зениттік ракета кешеніне соққы жасағанын хабарлады.

"Расталған ақпаратқа сәйкес, зымыран күш бөлімшелері Украина әскери-теңіз күштерімен бірге «Триумф» әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің төрт қондырғысын айтарлықтай зақымдады" деп жазылған Украина бас штабының Telegram-арнасында.

Украина әскері сонымен бірге аннексияланған Севастополь портында Ресей Қара теңіз флотына тиесілі "Дондағы Ростов" сүңгуір қайық батырылғанын хабарлады.

Оқиға қашан болғанын Украина әскері айтпады, бірақ Севастопольге соңғы ракета соққысы екі жақтың хабарлауынша, 2 тамызға қараған түні жасалған.

Ресей тағайындаған Севастополь билігінің хабарлауынша, жұмаға қараған түні Қырымда әуе қорғаныс күштері әуе шабуылдарына "тойтарыс берген". Дрон және ATACMS ракетасының бөлшектері қаланың түрлі бөлігіне түскен.

"Крым.Реалий" сайтының тілшісінің айтуынша, жұмаға қараған түні Қырымда ресейлік ракеталар Жеңіс саябағы мен Стрелецк айлағына жақын тұрғын үйлердің маңынан ұшырылған. Қуатты жарылыс та естілді деп жазды басылым.

Мәскеу сүңгуір қайықтың батырылғаны жөнінде ақпаратқа түсініктеме бермеді.