Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху қауіпсіздік күштері басшыларымен кеңес өткізіп, онда өзге мәселелерден бөлек, Иранға алдын ала соққы жасау жөнінде талқылаған. Бұл туралы Израильдің Ynet жаңалықтар порталы жазды.
Ақпаратқа қарағанда, егер барлау қызметінде "Израильге нақты бір жерде шабуыл жасалады деген" жүз пайыз сенімді мәліметтер пайда болса, осы нұсқан қарастырылады.
Израиль билігі АҚШ пен Еуроодақта террористік ұйым деп танылған ХАМАС жетекшілерінің бірі Исмаил Хания мен исламшыл "Хезболла" радикал тобының командирі Фуад Шукрдың қазасына жауап ретінде соққы болуы мүмкін деп болжап отыр. Израиль Ханияның өлімін мойнына алмаған.
Израиль әскерінің баспасөз хатшысы Даниэль Хагари Иран сес көрсеткенімен, ешқандай өзгеріс жоқ деді. Бұған дейін Иран Ханияның қазасы үшін Израильден "кек алатынын" мәлімдеген.
4 тамызда АҚШ пен араб елдері Иранның реакциясын басуға тырысты, бірақ Тегеран оны қабылдамады деп жазды осы жағдаймен таныс дереккөздерге сүйенген The Wall Street Journal басылымы. "Реакциямыздан соғыс бастала ма, жоқ па, бізге маңызды емес", – деп айтқан Иран өкілдері.
Axios басылымының ақпаратына сәйкес, АҚШ Иран Израильге бүгін, 5 тамызда соққы жасауы мүмкін деп болжаған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ "ХАМАС" лидерінің Тегерандағы қазасы Иран мен Израиль шиелінісіне қалай әсер етпек?3 тамызда АҚШ-тың Бейруттағы елшілігі өз азаматтарын "кез келген билетпен" Ливаннан кетуге шақырған. Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Дэвид Лэмми де Ливанда жүрген британдықтарға осыған ұқсас үндеу тастады.
Израиль мен ХАМАС арасында қақтығыс 2023 жылы 7 қазанда аталған радикал топ Израильге шабуылдағаннан кейін ушыққан. Израиль бұған жауап ретінде Газа секторында ХАМАС-қа қарсы әскери операция бастаған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Бірнеше ел өз азаматтарын Ливаннан кетуге үндеді