АҚШ дипломатиялық арналары арқылы Иранға хабарлама жіберді. Онда "Таяу Шығыс үшін маңызды сәтте" өңірдегі жағдайдың шиеленісуі Тегеранға керек емес деп жазылған. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік департаменті хабарлады.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің айтуынша, Вашингтон Иран Израильге қарымта шабуыл дайындап жатыр деген қауіпке байланысты шиеленісті басуға көмектесу үшін "дипломатиялық жұмысты тәулік бойы қарқынды жүргізіп жатыр".
"Тараптардың бәрі жағдайды өршітпеуі керек. Бәрі де шиеленісті басу үшін шара қабылдауға тиіс. Шиеленіс тудыру ешкімге керек емес. Мұның соңы көп қақтығыстарға, зорлық-зомбылыққа әкеп соқтырады", – деген Блинкен сөзін "Америка дауысы" жариялады.
Бұған дейін Энтони Блинкен Таяу Шығыстағы шиеленісті Катар премьер-министрімен және Египет сыртқы істер министрімен талқылаған. Американың сыртқы саясат ведомствосы диалогтардың мақсаты Катар мен Египет арқылы Вашингтон ұстанымын Иранға жеткізу, қақтығыстың өршуі Тегеранға керек емес екенін түсіндіру болды деген.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ "Хезболла" түнде Израильдің солтүстігін ондаған ракетамен атқыладыДүйсенбіде АҚШ президенті Джо Байден Ақ үйде өзінің ұлттық қауіпсіздік тобымен, соның ішінде Блинкенмен Таяу Шығыстағы кейінгі оқиғаларды талқылады. Байден шабуыл болған жағдайда Израильге көрсетілетін қолдаудан хабардар екенін айтты.
Америкалық Axios сайтының мәліметінше, дүйсенбідегі кездесуде Байденге Иранның қашан және қалай шабуыл жасайтыны анық емес деп хабарлаған.
Одан алдын Энтони Блинкен G7 одақтастарына Иран мен "Хезболла" Израильге 24-48 сағат ішінде шабуыл жасауы мүмкін деген.
Дүйсенбі, 5 тамызда АҚШ-тың Ирактағы әскери базасында ракета соққысынан бірнеше әскери жараланды. Кей мәліметке сәйкес, "Аль-Асад" әуе базасына "Катюша" атты реактивті қару жүйесімен соққы жасаған. Кем дегенде АҚШ-тың бес адамы жараланған.
31 шілдеде Тегеранда ХАМАС террор ұйымының лидері Исмаил Хания қаза болды. Иран қастандықты Израиль ұйымдастырды деп, кек қайтаратынын айтты. Израиль шабуылды өз мойнына алған жоқ.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ "ХАМАС" лидерінің Тегерандағы қазасы Иран мен Израиль шиелінісіне қалай әсер етпек?