Өзбекстан Париждегі Олимпиада ойындарын тарихтағы ең үздік нәтижемен аяқтады

Париждегі жазғы Олимпиада ойындарын 13 жүлдемен аяқтаған Өзбекстан ұлттық құрамасы Ташкентке 12 тамызда түстен кейін оралады.

Олимпиада ойындарында өзбек спортшылары 8 алтын, 2 күміс және 3 қола жүлде алды. Өзбекстан құрамасы жалпы командалық есепте 13-орынға тұрақтады. Ол Орталық Азия елдері арасында бірінші, ал бүкіл Азияда Қытай, Жапония және Оңтүстік Кореядан кейінгі төртінші орын алды.

Бұған дейін өзбек атлеттері Олимпиада ойындарындағы үздік нәтижені 2016 жылы тіркеген. Риодағы ойындарында Өзбекстан құрамасы 21-орынға тұрақтаған.

Париждегі ойындарда өзбек боксшылары бес алтын алды. Бұған қоса, құрама атлеттері дзюдо, тхэквонда және еркін күрестен де алтын жүлде әкеле жатыр.

Ұлттық олимпиада құрамасы Ташкент әуежайына кешкі сағат 19:00-де қонады. Президенттің тапсырмасымен, спортшыларды салтанатты түрде қарсы алады. Оларды әуежайдан астананың орталық көшелерімен арнайы автобустармен алып жүреді.