АҚШ пен ЕО-ның тыйымына қарамастан 2022 жылдың мамыр айынан бері Ресейге 2,3 млрд доллар және еуро қолма-қол ақша тасымалданған. Бұл жөнінде кеден деректеріне сүйенген Reuters хабарлады.
Коммерциялық тасымалдаушылардан түскен мұндай мәліметтер доллар және еуро банкноттары Ресейге Түркия және БАӘ арқылы тасымалданғанын айғақтай түседі. Түркия да, БАӘ да Ресеймен саудаға шектеу қоймаған. Жалпы соманың жартысынан астамында ақша қай елден келгені жөнінде мәлімет жоқ.
Бұрын ешқайда жарияланбаған цифрлар Ресейдің санкцияны айналып өткенін көрсетеді деп жазды Reuters.
Кеден құжаттары 2022 жылдың наурызы мен 2023 жылдың желтоқсан кезеңін қамтиды. Ақпаратқа қарағанда, қолма-қол ақшаны тасымалдау Ресей Украинаға басып кірер кезде ұлғайған. 2021 жылдың қарашасы мен 2022 жылдың ақпан айларында Ресейге шамамен 19 млрд доллар және еуро банкноттары тасымалданған, ал оның алдында төрт айда 17 млн қаражат келген.
Мәскеу доллар мен еуроға тәуелділігін азайтуға тырысқанмен ресейліктер сауда жасау үшін және саяхаттау үшін доллар мен еуроны пайдаланады.
АҚШ үкіметі желтоқсанда Ресейге санкцияны айналып өтуге көмектесіп отырған қаржы ұйымдарына айыппұл салатынын ескерткен.