Пекин 18 спутнигі бар ракетаның жарылғанын мойындады

Ракета «Чанчжэн-5» на космодроме в Хайнане. Архивное фото

18 спутникті орбитаға шығару үшін ұшырылған қытайлық "Чанчжэн-6А" ракетасы жарылып, күл-талқан болды. Бұл жөнінде Қытай СІМ сүйенген Bloomberg агенттігі хабарлады.

Агенттіктің жазуынша, Қытайдың мемлекеттік ақпарат құралдары ракетаның жарылғанын хабарламаған, алайда ақпарат танымал сайттар мен әлеуметтік желілерде талқыланған. Кейін Қытай СІМ өкілі Bloomberg агентті тілшісімен сөйлескен кезде ақпаратты растаған.

"Чанчжэн-6А" ракетасы 18 интернет-спутникті шамамен 800 шақырым биіктікке шығару үшін 6 тамызда ұшырылған. Орбитадағы нысандарды қадағалаумен айналысатын Slingshot Aerospace компаниясы ракетаның апатқа ұшырағанын мәлімдеді. АҚШ әуе күштерінің мәліметінше, ол шамамен 300 бөлшекке бөлініп кеткен.

Bloomberg-тің жазуынша, жарылған ракета "ондаған жылдар ішіндегі ең ірі ғарыш қоқысы көзіне" айналған. Қытай СІМ "Пекин ғарыш қоқысымен күресуге көп назар аударады" деп сендіруге тырысқан.