Курскідегі шабуыл Путинді "масқаралап", Ресейдің "әлсіздігін көрсетті". Шолу
Your browser doesn’t support HTML5
Украина билігі Ресейдің Курск облысында алға жылжып жатқанын мәлімдеді. Батыс басылымдары Украинаның шабуылы "Кремльді састырып", президент Владимир Путинге "үлкен соққы болды" деп жазып жатыр. Украинаның түпкі мақсаты не, Курскідегі операцияның ақыры не болмақ және Путин қалай әрекет етуі мүмкін? Азаттық Батыс басылымдарын шолып шықты.