Эмомали Рахмон күйеубаласын Тәжікстанның БАӘ-дегі елшісі етіп тағайындады

Ashraf Gulov

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон күйеубаласы Ашраф Гуловты Тәжікстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісі қызметіне тағайындады.

Тәжік президентінің қыздарының бірі Парвина Рахмонның күйеуі Ашраф Гулов кейінгі үш жыл бойы Тәжікстанның Түркиядағы елшісі болған.

Азаттықтың Тәжік қызметі (Радио Озоди) 2023 жылы жариялаған журналистік зерттеуде Ашраф Гуловтың есімі аталған еді. Зерттеуде Парвина Рахмон медициналық және әскери киім тігумен айналысатын "Сифат саноат" компаниясының құрылтайшысы екені айтылған. Мемлекетпен миллиондаған ақшаның келісімшартына отырған бұл фирма елдің денсаулық сақтау саласында басымдыққа ие.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Тәжікстан президентінің қызы мемлекеттің көмегімен фармкорпорация құрып жатыр

Зерттеуде Ашраф Гулов әйелінің компаниясын өркендетуге қызмет бабын қалай пайдаланғаны туралы жазылған. Мысалы, 2021 жылы желтоқсанда Тәжікстанның Түркиядағы елшілігі Гулов "Медицина саласы мен фармацевтика өнеркәсібінде тәжік және түрік компанияларының серіктестігі" деген тақырыпта вебинар ұйымдастырғанын хабарлады деп жазды зерттеу авторлары.

Ашраф Гулов жоғары лауазымды шенеуніктің отбасынан шыққан. Оның әкесі Гул Шерали Тәжікстанның энергетика және өнеркәсіп министрі қызметін атқарған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Орталық Азия президенттері және олардың биліктегі балаларыРахмон қызын президент аппаратына басшы еттіОққағар, дипломат, кәсіпкер және миллиардер. Орталық Азиядағы 13 "күйеу бала" Азаттық зерттеуі: Мирзияев Өзбекстанды үлкен әулетімен бірге басқарып отырОрталық Азияда "сарай балалары" өсіп жетілді