Ресей қорғаныс министрлігі 21 тамызға қараған түні Мәскеу, Брянск, Белгород, Калужск, Курск облыстарында украинлық 45 дронды атыс түсірдік деп мәлімдеді.
Министрлік Мәскеу облысында – 11, Брянск облысында 23, Белгород облысында – 6, Калужск облысында – 3, Курск облысында 2 дронды құлатқанын хабарлады.
Мәскеу мэрі Сергей Собянин қаланы дронмен шабуылдауға "ең үлкен талпыныстың бірі жасалғанын" айтты. Собяниннің сөзінше, 21 тамызға қараған түні қалаға ұшқан 10 дрон атып түсірілген.
Мәскеу басшысы зардап шеккендер адамдар мен қираған ғимараттар жайлы хабарлама түскен жоқ дейді.
Собянин соңғы рет Мәскеуге ұшқан дрондардың атып түсірілгені жайлы 11 шілдеде айтқан еді. Ол кезде дрондар Мәскеуге жақын Ступино қаласының маңында құлатылғаны хабарланған.
Былтыр жазда Украина Мәскеуге бірнеше рет дронмен шабуылдаған. Сол шабуылдардың бірінде "Москва-Сити" кешенінің бір мұнараының фасады бүлінген.
Ресей билігі бұл шабуылдарға Киевті айыптайды. Ал Украина тарабы мұндай шабуылдар жайлы пікір білдірмеген.