АҚШ-тағы президент сайлауына қатыспақ болған кіші Роберт Кеннеди сайлау кампаниясын тоқтатынын мәлімдеп, республикашыл Дональд Трампты қолдады. Кеннеди сайлаудағы жеңістен біржолата үміт үзіп, биліктен өзінің аты-жөнін бюллетеннен алып тастауды сұрады.
Тәуелсіз кандидаттың саяси додадан шығатыны бірнеше күннен бері айтылып келеді. Бұл Кеннеди мен Трамп арасында оның президент әкімшілігіндегі болашақ қызметі туралы келіссөздермен байланысты.
Дональд Трамп осы аптада CNN арнасына берген сұхбатында сайлауда жеңген жағдайда Кеннедиге президент әкімшілігінен қызмет ұсынуға дайын екенін мәлімдеген. Ол үшін Кеннеди сайлау кампаниясын тоқтатып, өзін қолдауы керек екенін айтқан.
Сауалнамаға қарағанда, Камала Харрис 22 тамыз күнгі демократтардың съезінен кейін өзінің рейтингін біраз нығайтқан. Трамп та сайлауалды кампаниясын белсене жүргізіп жатыр. Сәрсенбі күні ол Солтүстік Каролинада шілдедегі қастандықтан кейін алғаш рет ашық аспан астында митингіде сөз сөйледі.
Трамп Харристі тек Американың күн тәртібінде тұрған мәселелер бойынша ғана емес, жеке басына өтіп те сынап келеді. Бақылаушылардың сөзінше, бұл оның кеңесшілерінің ұсыныстарына қайшы. Жақтастары бұл Трамптың өзіне де зиян тигізуі мүмкін деп қауіптенеді.