Украина Беларусьпен шекарада әскер көбейді деп мәлімдеді

25 тамызда Украина сыртқы істер министрлігі Беларусь армиясы жаттығу аясында Гомель облысы аймағындағы Беларусь-Украина шекарасында әскери күшін айтарлықтай көбейтті деген мәлімдеме таратты. Украина СІМ Минск әрекетін "достыққа жатпайды" деп атап, Беларусьті "Мәскеу қысымымен қателік жібермеуге" шақырды.

Украина шекарада Беларусь әскері, танкілері, артиллериясы, реактивті қару жүйесі мен әуе қорғанысы қаруынан бөлек, Украина барлау қызметі онда Ресейдің "Вагнер" жекеменшік жалдамалы әскер тобы жүргенін түсіріп алды деді.

Украина сыртқы істер министрлігі Беларусь басшылығын Украина шекарасындағы әскерін алысырақ әкетуге шақырып, "Украина Беларусь халқына қарсы достыққа жатпайтын әрекетке барғалы, істегелі жатқан жоқ, егер шекарадан асатын болса, өзін қорғау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды" деді.

Беларусь билігінің өкілдері Украина СІМ мәлімдемесіне әзірге түсініктеме берген жоқ.

24 тамызда Беларусьтің авторитар басшысы Александр Лукашенко Украинаны тәуелсіздік күнімен құттықтаған.

Ресей Украинаға соғыс ашқанға дейін Ресей әскері Беларуське әскери жаттығуға барған. 2022 жылы ақпанда олар Украина шекарасынан өтіп, Киев пен Гостомельге барды, Беларусь аймағынан Украина қалаларына соққы жасалды. Беларусь әскері Ресейдің Украинаға басып кіруіне қатысқан жоқ. Лукашенко Украина Беларуське шабуыл жасайтын болса, Минск соғысқа қосылады деп мәлімдеген.

Your browser doesn’t support HTML5

Астанаға тиіскен Лукашенко «Путиннің ойын» айтты ма?