Тұщы су сапасы дүниежүзінде нашарлап барады. БҰҰ-ның табиғат қорғау жөніндегі мамандары осындай қорытындыға келді. Олар 28 тамызда БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы бойынша есеп жариялады.
Халықаралық француз радиосының (RFI) хабарлауынша, 3,7 миллиард адам тұрып жатқан елдердегі жағдай туралы дерек болмауына байланысты бұл мәселенің ауқымын бағалау қиын.
Мониторингтің жеткілікті дәрежеде жүрмеуінен "2030 жылға қарай әлем халқының жартысынан көбі су ресурстарын басқару туралы шешім қабылдауға қажет мағлұматы жоқ елдерде өмір сүретін болады", – деп ескертті БҰҰ.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Көктемде су көп, жазда су жоқ. Қазақстанды тасқын мен қуаңшылықтан құтқаратын технология бар ма?Африка, Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде таза ауыз суға қол жеткізу көкейкесті мәселе болып тұр. Ол жақтарда өзен деңгейі төмендеп, көл азайып, ластанып, су ресурстарын басқару нашарлап жатқаны байқалады.
БҰҰ мәліметінше, дүниежүзіндегі ағын судың 80 пайызы қоршаған ортаға тазартылмай төгіледі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ "Су бар, бірақ бәріне бірдей жетпейді". Сырдария жағалауындағы тәжік диқандарының өмірі