Сырский: Ресей әскері Покровск бағытында алға жылжып жатқан жоқ

Украина президенті Владимир Зеленский (сол жақта) мен Украина қарулы күштерінің бас қолбасшысы Александр Сырский.

Украина қарулы күштері Ресей әскерінің Донецк облысындағы Покровск бағытында алға жылжуын тоқтатты. Украина қарулы күштерінің бас қолбасшысы Александр Сырский 5 қыркүйекте CNN арнасына берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді.

"Кейінгі алты күнде Ресей әскері Покровск бағытында бір метр алға жылжыған жоқ", – деді Сырский.

Тамыздың аяғында АҚШ-тағы Соғысты зерттеу институты (ISW) Ресей әскері Донецк облысындағы Покровск бағытында бірқатар маңызды жетістікке жетті деп хабарлаған. 1 қыркүйекте Ұлыбритания қорғаныс министрлігі Ресейдің құрлықтағы әскері "Покровскіден 10 шақырым жерде жүруі мүмкін" деп хабарлаған. Бұл туралы Deutsche Welle сайты жазды.

Жақында Украина президенті Владимир Зеленский Украина қарулы күштерінің негізгі мақсаты – Ресейдің шекаралас өңірінде "буфер аймағын құру" деп мәлімдеді. Зеленскийдің айтуынша, Киев Ресейдің Курск облысының бір бөлігін аннексиялап алуды емес, бақылауда ұстауды көздеп отыр.

6 тамызда Украина әскері Ресейдің Курск облысы аумағына кірген. Украина қарулы күштері ондаған елді мекенді, соның ішінде Суджа қаласына бақылау орнатқанын айтқан. Ресми мәліметтерге сәйкес, шекара маңындағы аудандардан 130 мыңнан аса адам эвакуацияланған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Украина қарымта шабуылды үдетті. Соғыстың бағыты өзгерді ме? Украина Курск облысындағы үш көпірді қиратты. Зеленский "Курскідегі мақсат орындалып жатыр" дейдіУкраинаның "батыл шабуылы" Путиннің "масқарасын шығарып", соғыс тактикасын өзгерттіУкраина Ресейдің жерлерін "оккупацияламайды"