11 қыркүйекте Алматы қаласының әкімшілік соты "Алматыны қорғайық" қозғалысының жетекшісі Салтанат Тәшімоваға "заңсыз митинг ұйымдастырғаны" үшін 129 мың теңге айыппұл салды. Бұл туралы "Власть" сайты жазды. Эко-белсенді пәтер иелерінің жиынын өткізуді жоспарладым, бірақ ол өтпеді деп айтқан.
Сот Салтанат Тәшімоваға 50 айлық есептік көрсеткіш (184 600 теңге) көлемінде салынған айыппұл сомасын 30 пайыз қысқартқан.
Сотта Тәшімова "жиынға тек пәтер иелері қатысатын болса, онда ол митинг деп саналмайтынын сұрап білгенін" айтты. Жиын аудан тұрғындары демалатын, иттерін серуендететін алаң құрылысына байланысты болған. "Ол жер Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектен қайтарылғанын біліп, тұрғындар оны қала меншігіне қалай қайтаруға болатынын және оны иттерді серуендетуге арналған орынға айналдыру бойынша абаттандыруды талқылағысы келген" деп жазды "Власть" сайты.
"Абаттандыру мәселесін тұрғындардың өзі шешуі керек. Егер бұл тәжірибе жалғаса берсе, онда біз, қала тұрғындары, ауламыздың өзекті мәселесін талқылай алмай қаламыз. Себебі тұрғындардың кез келген жиналысы митинг болып саналатын болады" деді Тәшімова.
Белсенді оған қарсы процесті саяси тапсырыс деп санайтынын айтты, өйткені онда заңсыздық бар деді.
"Бұл – қала белсенділеріне қысым, өйткені мен "Алматыны қорғайық" қозғалысының жетекшісімін, бұл жаза бүкіл қозғалысқа да, қаланың барлық белсендісіне де әсер етеді" деді ол.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Жапсарлас құрылыстың қала мен оның тұрғындарына қаупі қандай?