Мәскеу маңында мигранттарға қызмет көрсету саласында жұмыс істеуге тыйым салынады

Жаңа жылдан бастап Мәскеу облысында мигранттарға көп сала бойынша жұмыс істеуге тыйым салынбақ.

"1 қаңтардан бастап ішімдік пен темекі саудасы, стационарлық емес сауда нысандарындағы көше тағамдары, әлеуметтік қызмет көрсету, сонымен бірге спорт, мәдениет, демалыс, денсаулық сақтау және білім беру салаларында патент бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға тыйым салынады" деп жазылған үкімет хабарламасында.

Үкімет төрағасының орынбасары Наталья Масленкинаның айтынша, мұндай шешімге жергілікті тұрғындардың шетел жұмысшыларына қатысты түсірген шағымдарының көбеюі түрткі болған. Масленкинаның сөзінше, Мәскеу облысы "патент бойынша жұмыстарға толық тыйым салған Ресейдің 22 аймағына қосылғысы келеді".

Бұған дейін "Агентство" басылымы Ресей аймағының үштен бір бөлігінде мигранттардың жұмысына шектеу қойғанын жазған. Шетел азаматтарына көп жағдайда такси жүргізушісі болып істеуге тыйым салынған. Осының салдарынан "Яндекс Go" сервисі жетекшілерінің бірі Антон Петраковтің айтуынша, 2024 жылы Ресейде такси жүргізушілерінің тапшылығы 130 мың адамға жетпек. Тасымалдау құны да "ондаған пайызға қымбаттауы мүмкін".

  • 140-тан астам адамның өмірін қиған "Крокус сити холл" концерт залындағы терактіден кейін Ресейде мигранттарға қарсы ксенофобиялық көңіл-күй артқан. Елдің түрлі аймақтарында құқық қорғау органдары шетел жұмысшылары тұратын орындарда жаппай рейд жүргізген. 2024 жылдың қаңтарынан бері ІІМ 65 мыңнан астам шетел азаматын елден шығарып, 120 мың адамға елге кіруге тыйым салған. Ресейде мигранттар саны соңғы он жылдағы ең төмен көрсеткішке дейін азайған. Экономистер бұл елдегі кадр дағдарысын онан сайын ушықтырып жібере ме деп алаңдайды.