Киев Ресей түнде жіберген дрондардың барлығын атып түсіргенін хабарлады

Херсондағы әуе қорғаныс жүйесі. Мұрағаттан алынған.

Бейсенбіге қараған түні Украина әскері Ресей жіберген 42 дронның барлығын атып түсіріп, әуе шабуылына тойтарыс берген. Бұл жөнінде 19 қыркүйекте таңертең Украина әуе күштері хабарлады.

Әуе шабуылына қарсы жүйе Винницк, Днепропетровск, Житомир, Киев, Кировоград, Николаев, Ровно, Черкасск, Херсон облыстарында іске қосылған. Бұған қоса, бір қанатты ракета құлатылған.

Ақпаратты тәуелсіз дереккөздер әзірге растаған жоқ. Мәскеу ақпаратқа түсініктеме бермеді.

Украинада түнде қандай да бір нысанға дрон немесе ракета түскені жөнінде ақпарат айтылған жоқ.