Алматы облысының "Жағалау" оқу полигоны базасында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) "Мызғымас бауырластық" атты оқу-жаттығуы өтіп жатыр. 26 қыркүйекте басталған жаттығу 7 қазанда аяқталады деп жоспарланған. Қазақстандағы жаттығуға Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан сарбаздары қатысады.
"Практикалық іс-шара барысында дағдарыс аймағын шиеленістен кейін реттеу және гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі бітімгерлік операциясы пысықталатын болады", – деді оқу-жаттығу жетекшісі генерал-майор Алмас Жұмакеев.
Қазақстан қорғаныс министрлігі ҰҚШҰ мүшелерінің әскерлері Қазақстанға 26-30 қыркүйек аралығында келеді деп хабарлаған. ҰҚШҰ органдардағы жұмысын уақытша тоқтатқан Армения жаттығуға қатыспайды.
Қазақстан қарулы күштері десант-шабуыл әскерінің қолбасшысы Алмас Жұмакеевтің айтуынша, бұл жаттығу ұжымдық қауіпсіздік жүйесін нығайтуға және ҰҚШҰ жауапты аймақтағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.
Маусым айында Қазақстан қорғаныс министрлігі ҰҚШҰ елдерінің бітімгер күштері құрамында төрт мыңға жуық адам бар деген.
Алматы облысындағы ҰҚШҰ жаттығуы Қазақстанда 6 қазанға белгіленген референдум қарсаңында өтіп жатыр. Референдумда халық Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісе ме, жоқ па деген сұраққа жауап беруі керек. ҰҚШҰ жаттығуы референдум өткен күннің ертесіне аяқталмақ.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Қазақстанда АЭС бойынша референдум 6 қазанда өтеді2022 жылы Қаңтар оқиғасы кезінде үкіметке жаппай наразылық пен дүрбелең шарықтау шегіне жеткен кезде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "ел аумағына шетелде дайындықтан өткен террористер шабуыл жасады" деп мәлімдеп, ҰҚШҰ-дан көмек сұраған. ҰҚШҰ әскери контингенті Қазақстанға кіргізіліп, екі аптадан кейін елден шығарылған (Қазақстан билігі ел аумағына шетелден террористер шабуыл жасағанына ешқандай дәлел келтірген жоқ). Ресми дерек бойынша, Қаңтар оқиғасы кезінде 238 азамат (19-ы күш құрылымдары өкілдері) қаза тапқан. Оның арасында алты адам полиция мен тергеу изоляторындағы азаптаудан көз жұмған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Курскідегі шайқас, "ҰҚШҰ беделіне соққы" және "кедейлене түскен" Қазақстан