Биыл химия бойынша Нобель сыйлығы ақуыздың компьютерлік дизайны мен олардың үш өлшемдік құрылымын жасаған ғалымдар Дэвид Бейкер, Демис Хассабис және Джон Джамперге берілді. Бұл жөнінде 9 қазанда Нобель комитеті хабарлады.
Вашингтон университетінің профессоры Дэвид Бейкер "ақуыздың компьютерлік дизайнын жасағаны үшін" сыйлықты иеленді. Оның ғылыми еңбегі ақуыздың мүлде басқа түрлерін түзуге жол ашады.
Google-ға еншілес Google DeepMind компаниясының қызметкерлері Демис Хассабис және Джон Джампер ақуыздың барлық-дерлік түрлерінің құрылымын болжау үшін жасанды интеллектіні қолданған. Мұндай жаңалықтың потенциалы зор деп жазылған Нобель комитетінің сайтындағы хабарламада.
Ақуыз құрылымын болжау медицинада, оның ішінде дәрі-дәрмек және биотехнологияда пайдаланылады.
2023 жылы химия бойынша Нобель сыйлығы кванттық нүктелердің жартылай өткізгіштерін зерттеген АҚШ-та істейтін ресейлік ғалым Алексей Екимов, америкалық Мунги Бавенди және Луис Брюске берілген еді. 10 қазанда әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары, 11 қазанда – Бейбітшілік сыйлығының иегерлері белгілі болады.
- Биыл медицина және физиология саласы бойынша Нобель сыйлығын микроРНК-ны зерттеген Виктор Эмброс және Гэри Равкан алған. Машинаны нейрожүйенің көмегімен үйреткен Джон Хопфилд және Джеффри ХинтонКеше физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары атанды.
- Нобель сыйлығының лауреаттарына алтын медаль, диплом мен 11 млн шевд кроны көлемінде ақшалай сыйлық (биыл оның көлемі шамамен 1,1 млн доллар) беріледі.