12 қазанға қараған түні Ресей әскері Запорожьеге соққы жасап, үш адам: 22 және 55 жастағы екі әйел мен 11 жасар қыз бала зардап шекті. Бұл жөнінде аймақ әкімшілігінің жетекшісі Иван Федоров хабарлады.
Федоровтың сөзінше, балаға ауруханада медициналық көмек көрсетіліп, ізінше үйіне жіберілген. Қалғандары ауруханаға жатудан бас тартқан.
Жексенбіге қараған түні Ресей әскері Запорожьеге үш соққы жасаған, алдын ала мәлімет бойынша авиация бомбасы тасталған деп хабарлады Украина ұлттық полициясы. Снарядтар инфрақұрылым, жеке сектор және ат ұстаушылар клубына түскен.
Ресей Запорожьеге соққыға түсініктеме берген жоқ.
- БҰҰ мәліметінше, Ресей Украинаға басып кіргелі бері 11,5 мың адам қаза болған, 25 мың адам жараланған. БҰҰ сонымен бірге Ресей әскерінің түрлі қылмыстарын (дарға асу, адам ұрлау, азаптау, дөрекі қатынас, күштеп ұстау) құжатқа түсірген.