Оңтүстік Кореяның ұлттық барлау қызметі Украинаға Солтүстік Корея 12 мың әскер жіберетінін хабарлады. Бұл жөнінде "Ренхап" агенттігі хабарлады.
Басылымның жазуынша, Пхеньян осындай шешім қабылдап қойған, әскерді жіберу басталған. Олардың арасында арнайы жасақ қызметінің төрт бригадасы бар.
Ақпарат расталса, Солтүстік Корея Корей түбегінен тысқары жерге алғаш рет ірі көлемде әскерін жібермек.
Солтүстік Корея жасағы өткен ғасырдың 70-80 жылдары Анголадағы азаматтық соғысқа қатысқан.
Бұған дейін солтүстіккореялықтардың Украинадағы соғысқа "қатысып жатқанын" Украина басшысы Владимир Зеленский мәлімдеген.
Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрлігінің өкілі бейсенбі күні ақпаратты растамады. "Ренхап" агенттігіне сұхбатында ол Пхеньян Мәскеуге бейбіт азаматтарын жіберуі мүмкін екенін айтты.